https://www.facebook.com/profile.php?id=100070769356669
https://www.instagram.com/school_11_kokshetau/
✍️ Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Заңға қол қойды
Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді жаппай жеңілдетуді көздейді: салық есептілігінің көлемі 30% - ға қысқарады, салықтардың саны 20% - ға азаяды, жеңілдіктер мен алымдар оңтайландырылады. Маңызды өзгерістер корпоративтік және жеке табыс салығынан бастап инвестицияларды ынталандыруға және салық жүктемесін қайта бөлуге дейінгі барлық негізгі бағыттарға әсер етті.
Қосылған құн салығының жаңа базалық ставкасы (бұдан әрі-ҚҚС) -16% белгіленді. Дәрі – дәрмектер мен медициналық қызметтер үшін ҚҚС төмендетілген мөлшерлемесі белгіленді-2026 жылдан бастап 5% және 2027 жылдан бастап 10%.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС), Үкімет айқындайтын тізбе бойынша орфандық және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу шеңберінде көрсетілетін қызметтер, кітаптарды баспа түрінде басып шығару жөніндегі қызметтер, археологиялық жұмыстар ҚҚС төлеуден босатылады.
Мерзімді баспа басылымдарын іске асыру үшін ҚҚС – 10% төмендетілген мөлшерлемесі белгіленді. ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 10 мың АЕК (40 млн теңге) дейін төмендетілді.
Жеке табыс салығынан (бұдан әрі – ЖТС) БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері босатылады. Көлік салығы 10 жастан асқан көліктер үшін төмендетілді. Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік салық шегерімі – 882-ден 5 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
Салықтар саны қысқартылды: бірыңғай жер салығы жойылды, жекелеген төлемдер бойынша ставкалар мен алымдар саны қысқартылды.
Арнайы салық режимдері оңтайландырылды-қазір тек үшеуі бар: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, жеңілдетілген декларация негізінде және фермерлік шаруашылықтар үшін.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мобильді қосымша арқылы төлемдерді есептей және төлей алады.
t.me/aqorda_resmi