"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №11 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное Государственное учреждение «Школа - гимназия №11 города Кокшетау Отдела Образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100070769356669

https://www.instagram.com/school_11_kokshetau/

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы кезеңде мектептер жанындағы «Білімге құмар» мектепалды даярлық курстары

 

 

ЖАЗҒЫ КЕЗЕҢДЕ МЕКТЕПТЕР ЖАНЫНДАҒЫ «БІЛІМГЕ ҚҰМАР»

МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ (ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ) КУРСТАРЫН ЖҮРГІЗУДІҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК БАСШЫЛЫҒЫ(үлгі)

 

Даярлық курстарының мақсаты балалардың мектепте оқуға ынтасын, зияткерлік, эмоционалдық-еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру, бірінші сыныпта табысты бейімделуін қамтамасыз ету.

Міндеттері:

- баланың мектепте оқуына эмоционалды-оң көзқарасты қалыптастыру;

- болашақ меткеп оқушысының тұлғасын қалыптастыру;

- «мектепалды даярлық – бастауыш мектеп» сабақтастық қағидасын сақтау;

Балалармен жұмыстың ерекшеліктері:

-белсенді шығармашылық әрекетке баулу;

-жас және жеке ерекшеліктерді ескеру;

-танымдық әрекетке жағдайлар жасау;

-жағымды эмоционалдық көңіл-күй орнату;

Оқытудың әдістері мен тәсілдері:

Сөздік: әңгіме, әңгімелесу, сену, мақтау, мадақтау.

Көрнекілік: бақылау, түсіндіру, үлгіні көрсету.

Практикалық: жаттығу, ойын әдісі, тапсырманы бірге орындау.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрлері: ойын сабақтар, дидактикалық ойын, ертегі, зерттеу, саяхат, байқау.

Баланың мектепте оқуға дайындығының көрсеткіштері:

жеке-тұлғалық дайындығы -оқуға ынтасы (мектепке барғысы келеді, оқудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді,  жаңа білімді алуға қызығушылық танытады);

зияткерлік дайындығы-білім алуға қызығушылықтың, оң көзқарастың болуы;

әлеуметтік-психологиялық дайындығы–ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуі.

Курс соңында күтілетін нәтижелер:

- мектепте өзін ұстау тәртібін сақтау;

- гигиеналық ережені сақтау;

- сурет бойынша әңгіме құрастыру;

- өлеңдерді мәнерлеп оқу;

- әңгімені, ертегіні мазмұндау;

- сөздерді дыбыстық талдау;

- дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату;

- 10-ға дейін сандар мен цифрларды білу;

- 20-ға дейін санау;

- дәптерді, кітапты, кеңістікті, уақытты бағдарлау;

- қарапайым тапсырмаларды орындау;

- бейнелеу құралдарын қолдану.

 

 

 

Дайындық курсының топтағы бала саны «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 09 шілдедегі № ҚР ДСМ-59  бұйрығына сәйкес анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Білімгеқұмар» даярлық курсының

ОҚУ ЖОСПАРЫ

 

Оқыту мерзімі – жаз айлары (қысқа мерзімді дайындық курсы)

 

р/с

Білім беру салалары

Сабақтар

Апталық оқу жүктемесі (сағат)

1

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

 

Сөйлеуді дамыту

2

 

Сауат ашу негіздері

4

 

Қолды жазуға дайындау

3

 

Көркем әдебиет

2

 

2

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

Математика негіздері

5

3

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

Сурет салу

2

 

Мүсіндеу

1

 

Жапсыру

1

 

Барлығы

20

 

 

«Білімге құмар» дайындық курсының сабақ кестесі

 

Оқыту мерзімі -жаз айлары (қысқа мерзімді дайындық курсы)

Күніне өткізілетін сабақ саны - 4

Сабақтың ұзақтығы - 30 мин.

 

Өткізу уақыты

(сағат)

Апта күндері

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

09.00-09.30

Математика негіздері

Сөйлеуді дамыту

Математика негіздері

Сауат ашу негіздері

Сауат ашу негіздері

 

1-2 мин.

 

 

Сергіту сәті

Сергіту сәті

Сергіту сәті

Сергіту сәті

Сергіту сәті

09.40-10.10

Сауат ашу негіздері

 

Математика негіздері

Сауат ашу негіздері

 

Математика негіздері

Қолды жазуға дайындау

1-2 мин.

 

 

Сергіту сәті

Сергіту сәті

Сергіту сәті

Сергіту сәті

Сергіту сәті

10.20-10.50

 

 

Қолды жазуға дайындау

Көркем әдебиет

Қолды жазуға дайындау

Сөйлеуді дамыту

Математика негіздері

11.00-11.30

 

Жапсыру

Сурет салу

Мүсіндеу

Сурет салу

Көркем әдебиет

 

 

 

І. КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУ

 

Мақсаты:ауызекі байланыстырып сөйлеуді, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту, сауат ашудың алғышарттарын қалыптастыруды дамыту.

 

  1. Сөйлеуді дамыту

Міндеттері: сөздерге дыбыстық талдау жасауды,  сөйлегенде зат есімдерді, сын есімдерді, үстеулерді, көп мағыналы сөздерді, синонимдер мен антонимдерді қолдануға,  әңгімелесушіні мұқият тыңдап, сұрақтарды дұрыс қоюға және қойылғансұрақтарға қысқаша немесе толық жауап беруге: бақылаулар мен сюжеттік суреттер бойынша әңгімелер құрастыруға, әңгімелерді бірізді айтып беруге, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті ұстауға үйрету.

 

Күнтізбелік - тақырыптық жоспарға үлгі тақырыптар

Сөйлеуді дамыту

 

р/с

Мазмұны

1

Сурет бойынша әңгіме құрастыру

2

Иллюстрацияларға сүйеніп ертегіні оқу және мазмұндау

3

Берілген тақырыпқа сюжетті әңгіме құрастыру

4

Айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасауда тілдік нормалармен таныстыру

5

Жолда жүру ережесі

6

Суреттер топтамасы бойынша  сипаттаушы әңгіме құрастыру

7

Өлеңдер жаттату

8

Үйде, қоғамдық орындарда, табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерімен таныстыру

 

 

  1. Сауат ашу негіздері

Міндеттері: Әрбір сөздің мағынасы болатыны туралы түсінік қалыптастыру. Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтау. Буын туралы ұғымдарды қалыптастыру, сөздерді буындарға бөлу, олардың саны мен ретін анықтау. Буындардан сөздер құрастыруға (ауызша) үйрету. Сөйлем туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру, сөйлем сөздерден тұратынын түсіну.

 

 

 

 

 

 

Күнтізбелік - тақырыптық жоспарға үлгі тақырыптар

Сауат ашу негіздері

 

р/с

Мазмұны

1

«Дыбыс», буын» түсініктерімен таныстыру

2

«Сөз», сөйлем» түсініктерімен таныстыру

3

«Мәтін» түсінігімен таныстыру

4

Сөздерді буынға бөлу

5

Дауысты дыбыстармен таныстыру

6

Дауыссыз дыбыстармен таныстыру

7

Сөздерге дыбыстық талдау жасау

8

Сызбалар арқылы сөйлемдер құрастыру

 

3. Қолды жазуға дайындау

Міндеттері: Қолды жазуға дайындау. Жазу кезінде арқаны дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру. Жазу парағында бағдарлай білу, жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажырата білуге үйрету. Геометриялық фигуралардың, көкөністер, жеміс-жидектердің дайын суреттерінің сыртын шетке шығармай бастыру, бояу. Әртүрлі бағыттағы тігінен, көлденең, қысқа, ұзын, толқынды, ирек сызықтарды, нүктелерді, тамшы тәрізді пішіндерді олардың арасындағы арақашықтықты сақтап, алдымен үлгі бойынша және кейіннен өз бетінше жазуға мүмкіндік беру.

 

Күнтізбелік - тақырыптық жоспарға үлгі тақырыптар

Қолды жазуға дайындау

 

р/с

Мазмұны

1

Суреттердің және заттардың ішін бояу, суреттің жетіспейтін бөліктерін салу және т.б.

2

Түрлі формадағы сәндік өрнектерді салу

3

Көлденең, тік және ирек сызықтармен штрихтау

4

Қарапайым өрнектерді салу 

5

Заттардың, әріптердің бейнелерін басып жүргізу

6

Әріптердің элементтерін салу

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Көркем әдебиет

Міндеттері: Балаларды қол жетімді көркем шығармалар мен фольклорға, театр әлеміне баулу, кітапқа деген қызығушылығын дамыту.

      Әдеби шығармаларды эмоционалды қабылдауына ықпал ету, олардың мазмұнын түсіну, себеп-салдарлық байланыстарды, жанрларды (ертегі, әңгіме, өлең) ажырату.

      Шешендікке, сөз өнеріне баулу, санамақ, жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу, айтыс өнеріне баулу.

      Сахналық қойылымдарға қатысуға баулу, онда рөлді, сюжетті таңдауда бастамашылық пен дербестік танытуға ынталандыру, белгілі образды сомдауда эксперимент жасауға, түрлендіруге мүмкіндік беру.

 

Күнтізбелік - тақырыптықжоспарға үлгі тақырыптар

Көркем әдебиет

 

р/с

Мазмұны

1

«Ақымақ қасқыр» қазақ халық ертегісін сахналау

2

Еліктеу ойындары «Кім қалай жүреді», «Ненің дыбысы» 

3

«Түлкі мен әтеш» ертегісін сахналау 

4

Белгілі тақырыпта жұмбақ шешу, жаңылтпаштар жаттау.

5

«Ертегілер елінде» ойын -жаттығу 

6

«Күшік пен мысық» ертегісі бойынша  театрландырылған ойын әрекеті

7

«Бауырсақ» ертегісін сахналау

8

Айтыс өнері

 

ІІ. ТАНЫМДЫҚ ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІК ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУ

 

Мақсаты: Мақсаты балалардың қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту, коммуникативтік-танымдық қабілеттерді, математикалық және логикалық ойлауды дамыту болып табылады.

 

1.Математика  негіздері

Міндеттері:

  • танымдық қызығушылықтарын, мектепте оқуға ынтасын арттыру;
  •  зейінді, есте сақтауды, бақылауды, талдау жасай білуді, қорытынды жасауды дамыту;
  • математикалық және интелектуалды-шығармашылық қабілеттіліктің алғышарттары көрінуіне ықпал ету.

 

 

 

 

Күнтізбелік - тақырыптық жоспарға үлгі тақырыптар

Математика  негіздері

 

р/с

Мазмұны

1

Заттардың қасиеттері

Оң, сол қол

Оң, сол жақ

2

1 және 2 сандарымен таныстыру

1 және 2 сандарын салыстыру

5 көлемінде ауызша санау

Заттар саны мен оны санаудың арақатынасы

3

3 және 4 сандарымен таныстыру

3 және 4 сандарының пайда болуымен таныстыру

Жазықтықты бағдарлау

4

Кеңістік ұғымдарын қалыптастыру (астында, үстінде, арасында)

5

5 және 6 сандарымен таныстыру

5 және 6 сандарының пайда болуымен таныстыру

Екі жиын арасындағы қатынасты орнату: «артық», «кем», «тең»

6

7 және 8 сандарымен таныстыру

7 және 8 сандарының пайда болуымен таныстыру

Заттарды белгілері бойынша салыстыру: жоғары - төмен, ұзын - қысқа, тар - кең заттарды бір-біріне бастыру, қою, салу тәсілдерінің көмегімен және бірдей өлшемді қолдану арқылы  

7

9 және 10 сандарымен таныстыру

9 және 10 сандарының пайда болуымен таныстыру

Оларды теңестіру үшін жиындар арасындағы арақатынасты орнату біліктерін бекіту

 «Артық», «кем», «тең» ұғымдары арасындағы қатынасты өз бетінше белгілеу

8

Сандық қатармен таныстыру

10 дейін тура және керісанау

9

Геометриялық фигуралармен таныстыру: шаршы, шеңбер, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, сопақ.

10

Белгілі бір тәртіпте геометриялық фигураларды салумен байланысты тапсырмаларды орындау

10 көлеміндегі сандарды аталған санға дейін және одан кейін орналасқан сандарды атай білу

11

Қосуға тапсырмалар құрастыруға үйрету

Геометриялық фигуралар туралы білімді бекіту Санауды  бекіту

12

 Тікбұрышты квадратпен, шеңберді сопақпен салыстыру (қою жолымен)

20 дейін тура және керісанау

13

Уақытты бағдарлау - таң, күн, кеш, түн

Апта күндерін, жыл мезгілдерін дұрыс атауға үйрету

14

Тәулік құрамы туралы түсінікті қалыптастыру

Салмақты бағдарлау

Салмағы бойынша тең және тең емес заттарды алдымен қарама-қарсы көрсеткіштерде алақанда өлшей білуге үйрету

 

ІІІ. БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН, 

ЗЕРТТЕУ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ

 

Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялдауын, қоршаған әлемді бейнелі қабылдауын қалыптастыру, өзінің түсініктерін, ойларын, сезімдерін көркем түрде жеткізе білуге үйрету болып табылады.

 

1. Сурет салу

Міндеттері:

  • балалардың өнер шығармаларын эмоционалды қабылдау қабілетін қалыптастыру;
  •  балалардың шығармашылық қабілеттерін, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдауын дамыту;
  • қоршаған әлемді эмоционалды тану, өнер түрлері туралы түсінігін қалыптастыру;
  • балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмді тәрбиелеу үшін жағдай жасау; балалардың түрлі әрекеттерінде қауіпсіздікті сақтау.

 

Күнтізбелік - тақырыптық жоспарға үлгі тақырыптар

Сурет салу

 

р/с

Мазмұны

1

«Мен мектепке барамын» қарындаштармен сурет салу

2

«Көңілді жаз» акварельді бояулармен сурет салу

3

«Жаңбыр жауып тұр» түрлі-түсті бормен сурет салу

4

Ұжымдық жұмыс. «Менің қалам (ауылым)» түрлі бейнелеу құралдарымен сурет салу

5

«Көлік» қарындаштармен сурет салу

6

Шағын топпен жұмыс. «Бақшада не өседі?» асфальтқа сурет салу

7

«Менің сүйікті ойыншығым» затқа қарап сурет салу

8

Ойдан сурет салу 

 

 

 

 

2.  Мүсіндеу

Міндеттері: Сазбалшық, ермексаз және пластикалық массадан мүсіндеудің ерекшеліктерін білу.

 

Күнтізбелік - тақырыптық жоспарға үлгі тақырыптар

Мүсіндеу

 

р/с

Мазмұны

1

«Саңырауқұлақтар» - заттарды, олардың бөліктерін мүсіндеу дағдысын бекіту

2

«Кірпі» - табиғи материалмен бірге ермексаздан мүсіндеу

3

«Құстар» - ұжымдық жұмыс

4

«Жүзім» - алақандар арасында ермексаздан  жасалған шарларды домалатуға және оларды жаюға үйрету

 

 

 

3. Жапсыру

Міндеттері: Жапсырудың түрлі әдістері (симметриялы, сыңарлы симметриялы, сұлбалы) мен тәсілдерін (тура, қисық қию, ою, флористика элементтерін) қолдану, түрлі материалдардан (қағаз, мата, табиғи материалдар) жапсыру.

 

Күнтізбелік - тақырыптық жоспарға үлгі тақырыптар

Жапсыру

 

р/с

Мазмұны

1

«Автобус» - жолақты бірдей шаршыларға кесу дағдыларын бекіту 

2

«Ақ қайың» - сурет салу элементтері бар үзік жапсыру

3

«Қуыршақтарға арналған киім» ұжымдық жұмыс – киімнің дайын бөліктерінен модельдеу

4

«Көбелектер» - көлемді жапсыру

 

 

Жаңартылған күні: 26.02.2024 12:19
Құрылған күні: 26.02.2024 17:33

Текст