https://www.facebook.com/profile.php?id=100070769356669
https://www.instagram.com/school_11_kokshetau/
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есеп «№11 мектеп-гимназия» КММ 2023 жыл
1. 1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 11 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
№ 11 мектеп-гимназияда 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
6. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру"
2023 жылы 610 қызмет көрсетілді:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген - 6 қызмет;
- қағаз нысанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 524 қызмет
- электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 80 қызмет
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес көрсетіледі.
3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
1."Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау"
2."Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну"
4."Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі.
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат № 11 мектеп-гимназияның ресми интернет-ресурсында орналастырылған https://11mektep.edu.kz/news/open/id-5372948
Ақпараттық стендте мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. № 11 мектеп-гимназияда нормативтік-құқықтық актілер әзірленбеген.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2023 жылы № 11 мектеп-гимназияда мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша 2 семинар-кеңес, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 2 конференция өткізілді.
Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы ақпаратты БАҚ-та орналастыру:
әлеуметтік желілерде: инстаграм, Фейсбук - 5
тікелей эфирлер - 3
Ай сайынғы негізде көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібі туралы халықты хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында № 11 мектеп-гимназия бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Akmola.kz.
Сондай-ақ 2020 жылдан бастап ҚР БҒМ ММ АЖО Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жүйесі жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 6 қызметкер көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу немесе негізсіз бас тартулар анықталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.