https://www.facebook.com/profile.php?id=100070769356669
https://www.instagram.com/school_11_kokshetau/
2020 жылдың 23 қарашасында № 11 ОМГ онлайн режимінде жалпымектептік ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Үлгерім қорытындысы 1 тоқсан.
2.Баланы кибербуллингтен қалай қорғауға болады?
3.Әртүрлі
Аталған мәселелер бойынша мектеп директоры Каримова Д.М., директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Еременко Т.В., мектеп психологы Баумгертнер А.В. сөз сөйледі. Білім сапасын арттыру бойынша ұсыныстар берілді.
Баумгертнер А.В. баланы желідегі қудалаудан қалай қорғауға болатындығы, кибербуллинг дегеніміз не, балалар неге желідегі қудалаудың құрбаны болады және интернеттегі "қорқыту" әртүрлі формада болуы мүмкін екендігі туралы айтты.
Ата-аналар жиналысына белсенді қатысты. Сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті.
Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы аяқталғаннан кейін шешім қабылданды:
1. Білім беру сапасын 2 тоқсанда арттыру. Ата-аналар тарапынан оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуын бақылауды күшейту.
2.Психолог Баумгертнер А.В. ата-аналар комитеттері сыныптардағы ата-аналарға кибербуллинг туралы ақпаратты жеткізудің маңыздылығын атап өтті.
3. Барлық сұрақтар назарға алынсын.