"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №11 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное Государственное учреждение «Школа - гимназия №11 города Кокшетау Отдела Образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100070769356669

https://www.instagram.com/school_11_kokshetau/

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ортақ балаларымыз» атты ата-аналар клубының жұмысы туралы ақпарат

07.04.2017

«Ортақ балаларымыз» атты

ата-аналар клубының жұмысы туралы ақпарат

«Ортақ балаларымыз» атты ата-аналар клубының жұмысы шеңберінде 2017 жылдың 5 сәуірі күні №11ОМГ «Шыдамдылық. Көңіл бөлу. Махаббат» тақырыбында кезекті ата-аналар кездесуі өтті.  Лекторийді №11ОМГ педагог-психологы Г.Н.Зикирина өткізді.

Ата-аналар лекториі – бұл ата-аналар әртүрлі жастағы балалар психологиясын біліп ғана қоймай, сонымен қатар өздері де тәрбие процесінің белсенді қатысушылары болатын ұйымдастырыла мамандандырылған лекциялық және семинарлық сабақтар жүйесі.

Дөңгелек үстел барысында психологпен тығыз қарым-қатынас кезінде ата-аналар өздерін толғандыратын

сауалдарға жауап таба білді. Мәселен: баланы дербес болуға қалай үйрету керек,  шығармашылық қабілетін қалай

дамыту керек, өз-өзіне сенімсіз немесе өз арта сенімділік танытатын баламен қандай жұмыстар жасауға болады деген сұрақтар болды. Ата-аналар үш топта жұмыс жасады. Әр топ  ата-аналары бала тәрбиелеудегі сұрақтар бойынша пікір-таласқа түсті. Видеороликтен кейін ситуациялық жағдайларды шешу тапсырмалары орындалды. Ата-аналар пікір беру барысында балаға тәрбие беруде ата-ананың жағымды және жағымсыз жақтарын анықтап, ой бөлісті. Бала тәрбиелеуде жағымды жақтарына көңіл бөлу, балаға деген махаббаты сезіндіру түрлері, бала көңіл бөлу және шыдамдылық таныту. Ата-аналар лекторииі лекциялық және семинарлық сабақтар арқылы айына бір рет өтеді.

Просмотров: 486


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст