"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №11 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное Государственное учреждение «Школа - гимназия №11 города Кокшетау Отдела Образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100070769356669

https://www.instagram.com/school_11_kokshetau/

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қалалық шығармашылық конкурс

11.04.2017

Қалалық шығармашылық конкурс

2017 жылдың  28-31 наурыз аралығында қалалық шығармашылық конкурсы өтті. Шығармашылық конкурсқа №11 ОМГ  12 оқушы қатысып,  бақтарын сынады. Аталмыш конкурс бірнеше номинациялардан  тұрды.  Олар: «Музыкалық қонақжай», «Ұлттық қолданбалы өнер», «Театрланған қойылым»,  «Әдеби көркем оқу» номинациялары. 2-11 сынып арасынан Васютик К., Руденко А., Кравцова К., Усатов Г.,  Харинов М., Пыреев М., Штанникова М., Медлярская Е., Чмеленко Д., Солодовник Д., Усатов А., Филатов Н. өнерлерін ортаға салды. Оқушылар шығармашылық конкурсқа үлкен жауапкершілікпен қатысып қала бойынша мектебімізді алдыңғы қатарға шығарды. 7 оқушымыз жүлделі орындарға ие болды. Нақты айтатын болсақ 5-сынып оқушысы Штанникова М. (жетекшісі: Кожанова Р.Ж.) «Музыкалық қонақжай» номинациясында, 8-сынып оқушысы Усатов Александр (жетекшісі: Бейсенова А.С.) «Ұлттық қолданбалы өнер» номинациясында, 9-сынып оқушысы Филатов Никита (жетекшісі: Кизатова ) «Ұлттық қолданбалы өнер» номинациялары бойынша  жүлделі І орын алды. 7-сынып оқушысы Чмеленко Д. «Музыкалық қонақжай» номинациясында жүлделі ІІ орынға ие болса, 8-сынып оқушысы Солодовник Д.(жетекшсі: Какабаева З.Б.) «Театрландырылған қойылым» номинациясында ІІІ орынды қанжығасына байлады. Бастауыш сынып оқушысы  Васютик К. (жетекшісі: Махыметова А.) ІІІ орын алды. Жалпы шығармашылық конкурс бойынша мектеп қалалары арасынан №11 ОМГ бірінші қатарға шығып отыр.  Шығармашылық конкурсқа  үлкен жауапкершілікпен қатысқан

оқушыларымызға алдағы уақытта да  жеңістерге жете берсің деген тілек білдіреміз.

Просмотров: 596


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст