https://www.facebook.com/profile.php?id=100070769356669
https://www.instagram.com/school_11_kokshetau/
2017 жылдың 20 сәуір күні №11 орта мектеп-гимназиясының директоры А.Б.Нугертаеваның бастауымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ұжым арасында талқыланды. Мектеп директоры А.Б.Нугертаева Елбасы қойып отырған мақсаттарға жетіп, дамыту қажеттігін атап өтті. Талқылау барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласының тарихи мәні саяси реформа мен экономикалық жаңғыру бағдарламасын қазақстандық қоғамды және әр қазақстандықты рухани жаңғырту арқылы жалғастырады. Тек жоғары білімді және рухани бай халық қана сырты әсерлерді дұрыс қабылдап, оған жауап бере алады. Сондықтанда мақала қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық жобалар ретінде бірқатар шаралардан тұратыны өте маңызды. Ұлт көшбасшысы атап көрсеткен бұл шаралар еліміздің дамудың жаңа деңгейіне көтерілуіне өз септігін тигізетіні баса айтылды.