https://www.facebook.com/profile.php?id=100070769356669
https://www.instagram.com/school_11_kokshetau/
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні. Бұл мерекенің мақсаты - қарапайым және мейірімге толы, барлық адамзатты кітап оқуға шақыратын ерекше мейрам. Мерекенің қағидасы бойынша осы күні балаларға көбірек кітап сыйлаған абзал. Сол арқылы жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға болады. Мейрамның шығу тарихы да ерекше. Кітап сыйлау мерекесі 2012 жылдан бері Эмми Бродмурдың бастамасымен халықаралық деңгейде тойланып келеді. Эмми Бродмур - әлеуметтік желіні белсенді қолданушы, блогер әрі 3 баланың анасы. Бір күні ұлы анасына дәл осы күні "Неге адамдар бір біріне ешқандай себепсіз кітап сыйлайтын күн жоқ?" деген сауал қояды. Ешқандай жауап таба алмаған Эмми осы күнді кітап сыйлау күні деп белгілеп, әлеуметтік желі арқылы мерекенің танымалдылығын арттыра бастайды. Нәтижесінде әлемнің түпкір-түпкірінен бір-біріне кітап сыйлайтын жандардың қатары көбейген. Қазіргі таңда мереке халықаралық деңгейге дейін жетті.
Мектеп оқушылары өздерінің сыныптастарына, достарына, мұғалімдеріне кітаптар табыстаған. Достар, бір-бірімізге себепсізден-себепсіз кітап сыйлап, жақындарымызды қуантайық.