"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №11 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное Государственное учреждение «Школа - гимназия №11 города Кокшетау Отдела Образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100070769356669

https://www.instagram.com/school_11_kokshetau/

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектептің әдістемелік бірлестіктері қызметінің мониторингі

25.05.2022

№11 мектеп – гимназиясында барлығы 9 әдістеме бірлестігі бар. Жылдағы дәстүр бойынша жақында аталған бірлестіктер өздерінің бір жылда атқарған жұмысын қорытындылады. 2021-2022 оқу жылы өткен жылмен салыстырғанда шығармашылыққа толы болды деп пайымдайды педагогтар. Өйткені, оқу үрдісінің басым бөлігі оффлайн тәртібінде жүргізілді. Бірлестіктердің басын қосқан жылдық қорытынды жиында әр жетекші өз саласы бойынша өткізілген ашық сабақтар мен ғылыми жобаларға тоқталып, ұстаздар мен шәкірттердің білім бәйгелерінде қанжығаларына байлаған жүлделерін тілге тиек етті. Білім үдерісінде қолданылған жаңа технологиялардың көрсеткіштері де назардан тыс қалған жоқ. Мұғалімдер алдағы оқу жылында жүзеге асырсам деп жоспарлап жүрген жобаларымен де бөлісті.

2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша:

1 – орын: «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімдерінің әдістеме бірлестігі

2 – орын: «География, биология және химия» пәні мұғалімдерінің әдістеме бірлестігі.

2 – орын:«Орыс тілі мен әдебиеті және тарих» пәні мұғалімдерінің әдістеме бірлестігі.

3 – орын: "Көркем-эстетикалық" пәндердің әдістеме бірлестігі.

3 – орын: "Дене шынықтыру" пәні әдістемелік бірлестігі.

Просмотров: 348


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст