"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №11 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное Государственное учреждение «Школа - гимназия №11 города Кокшетау Отдела Образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100070769356669

https://www.instagram.com/school_11_kokshetau/

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№11 орта мектеп-гимназиясында мектепішілік «Абай оқулары» байқауы өтті

14.02.2019

2019 жылдың 13 ақпан күні №11 орта мектеп-гимназиясында бастауыш сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Абай оқулары» өтті. Байқаудың мақсаттары:  оқушылардың Абай өлеңдеріне деген қызығушылығын ояту, ақын шығармашылығын терең түсініп, қадірлей білетін ұрпақ тәрбиелеу. Сайысқа 34 оқушы қатысып, Абай атамыздың өлеңдерін, қара сөздерін, әндерін орындады. Байқау қатысушылардың жұмысы мен жеңімпаздарын тіл жанашырларынан тұратын қазылар алқасы бағалап, анықтады.

Қазақ сыныптарынан І орын иегері Амангельдинов Мухамедали 2 «ә» сынып,  ІІ орын Жаңбырбай Меруерт 4 «ә» сынып, ІІІ орын Мыңжасар Құрмет 3 «ә» сынып оқушылары иеленді.

Өзге ұлт  кілдерінің арасында гран при Кравцова Ксения 4 «а» сынып, І орын Рыбалкин Кирилл 3 «а» сынып, ІІ орын Осипов Никита 4 «а» сынып; ІІІ орынға 3 оқушы ие болды Смирнов Олег 3 «в» сынап, Плаксина Алина 4 «а» сынып, Толстун Вика 3 «в» сынып. І орын Саликова Айлана 4 «а» сынып, ІІ орын Тастанбекова Зейне 4 «а» сынып, ІІІ орын Кабдуалиева Жанар 4 «ә» сынып ие болды.

Барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы ақын өз халқын өркендеген,өскен, еркін халық ретінде көруді арман еткен. Сол Абай аңсаған арманына жетіп отырмыз. Олай болса, жүрегі қазақ деп соққан қазақ жұрты Абайдың өлеңдерін бойтұмарындай сақтап жүруі тиіс.

Просмотров: 609


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст