https://www.facebook.com/profile.php?id=100070769356669
https://www.instagram.com/school_11_kokshetau/
2021 жылдың 30 наурызында № 11 мектеп- гимназиясында «Гимназиядағы сыныптан тыс тәрбие жұмыстары Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың маңызды шарты ретінде «Тәрбие және білім»» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Өтілу формасы- семинар –практикум.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды.
1. Оқыту жолымен тәрбиелеу, тәрбиелеу жолымен оқыту: сыныптағы және сыныптан тыс белсенділіктің байланысы.
2. Мектептің білім беру жүйесі шеңберінде бағдарламаның бағытын іске асыру (сынып жетекшілердің іс-тәжірибесінен)
3. ІІІ тоқсан қорытындысы
4. Құжатты арнайы үлгіде алатын оқушылар және емтиханннан босатылатын оқушылардың кандидаттарын қарастыру.
Алғашқы екі сұрақ бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі Смамбаева А.М. және мектеп психологі Баумгертнер А.В. баяндама оқыды. Осы тақырыпта іс- тәжірибесімен сынып жетекшілер Гримут А.А. және Уманцева В.А бөлісті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Альберти Э.В.,Еременко Т.В. 3 тоқсанның қорытындысымен таныстырды және осы тоқсанда мектеп бойынша оқушылардың білім сапасы өткен тоқсанмен салыстыранда артқаны туралы атап өтті.Директордың ғылыми ісі жөніндегі меңгерушісі Абдильманова А.Ж. жалпы оқытылатын пәндер бойынша өткен оқу жылының 3 тоқсаны және осы оқу жылының 3 тосанымен салыстырмалы анализ жасады.
Арнайы үлгіде құжат алатын оқушылардың және емтиханнан босатылатын оқушылардың кандидатуралары қарастырылды.
Педагогикалық кеңестің соңында келесі шешім қабылданды: педагогикалық кеңес шығармашылық және кәсіби тұрғыда жоғары деңгейде өтті.