https://www.facebook.com/profile.php?id=100070769356669
https://www.instagram.com/school_11_kokshetau/
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.
🔸Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.
🔸Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:
✅ Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
✅ Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
✅ «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅ 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅ 3х4 көлеміндегі 2 фото.
❗️Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.